Қыздарыңыз аман-есен жүр, ұрмаймыз, соқпаймыз» деп әжеммен біраз әзілдескенім бар
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы хабар бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, жазда қайын жұртына барып, әулеттің үлкені Күлсімхан әжеге сәлем беріп қайтқан. Сол кезде әжесімен болған сәттерді ерекше еске алды.
«Қыздарыңыз аман-есен жүр, ұрмаймыз, соқпаймыз» деп әжеммен біраз әзілдескенім бар. Өз қолыммен алтын сырға тағып бергенмін. Әжем де риза болып, батасын беріп, алғысын айтқан еді. Ауылдан кетер кезде көңілде бір "біртүрлі" ішкі сезім болды... Соңғы көрісу сияқты. Әженің бетінен сүйіп, құшақтап, батасын алып, қоштасқаным есімде. Ішкі қимастық сол кезде-ақ бойымды билеген еді», – деп жазды депутат.
Дәулет Мұқаев әжесінің 11 шөбере сүйгенін айтып, марқұмның жаны жәннатта болуын тіледі.
«Тірісінде 11 шөбере көрген Күлсімхан әженің жаны жәннатта болсын! Бақұл болыңыз. Қорлыбаевтар әулетіне қайғыра көңіл айтамын», – деді ол.