Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
28 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде тұман түсіп, екпінді жел соғады, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар бірнеше облыста үсік жүріп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ. : 28 қыркүйекте түнде 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 28 қыркүйекте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Түнде облыстың батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ үстінде 1 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.