Видео Трамптар БҰҰ Бас Ассамблеясынан Нью-Йоркке оралған кезде түсірілген.
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамптың арасында тікұшақта болған келіспеушілік камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан Трамптың Меланияға ашулы күйде бір нәрсе түсіндіріп жатқаны, тіпті саусағын шошайтып, қатты сөйлегені байқалады. Ал Мелания басын шайқап, үнсіз ғана жауап қайтарған.
Олардың нақты не үшін сөзге келгені белгісіз. Видео Трамптар БҰҰ Бас Ассамблеясынан Нью-Йоркке оралған кезде түсірілген.