$ 548.79  643.02  6.63

Қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы әскери бөлімдегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысындағы №99116 әскери бөліміндегі жағдайға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде Маңғыстау облысындағы №99116 әскери бөлімінде 7 сарбаздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады. Бейресми ақпаратқа сәйкес, олар психиатриялық ауруханаға жіберілген. 

Қазіргі уақытта үш сарбаз медициналық мекемеге жатқызылған. 

"Үшеуі дәрігерлердің бақылауында. Тағы төртеуіне ата-аналары психиатриялық бұзушылық туралы анықтама рәсімдеп, үйлеріне әкетті", – делінген желіде тараған ақпаратта.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жекелеген жарияланымдарда таратылған 7 әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсауға бейім мінез-құлық танытқаны жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге әскери борышын өтеп жатқан үш сарбаз жатқызылған, олардың тарапынан өз-өзіне қол жұмсауға бейімділік әрекеттері байқалған. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, барлық қажетті ем-дом мен медициналық бақылау қамтамасыз етілген. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша олардың әрі қарай әскери қызметті өтеу туралы шешім қабылданады. 

Айта кету керек, тәжірибе көрсеткендей, мұндай әрекеттер кейде әскери қызметтен жалтару мақсатындағы қасақана жасалған қадам болуы мүмкін. Барлық мән-жайлар бейінді мамандар тарапынан мұқият талдануда", – деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына берген жауабында.

Министрліктің хабарлауынша, жекелеген жарияланымдарда көрсетілген, оның ішінде қорқытып ақша алу, заңсыз әрекеттер мен мәжбүрлі жұмыстарға қатысты айғақтар бойынша құзырлы құқық қорғау органдары заңнама талаптарына сәйкес тексеру жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары