$ 549.06  644.87  6.66

Қостанайда алғашқы қармен бірге жол қазаны ашылды: көліктер суға батып, жүргізушілер шығынға ұшырады

«Әкімдік миллиардтаған қаржыны қайда жұмсап жатыр? Қарапайым халықтың жолы жыл сайын қар түссе-ақ қирайды» деп ашынады тұрғындар.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қостанайда алғашқы қар жауа салысымен-ақ жол сапасы әшкереленді. Жаңадан төселген асфальт суға шыдамай қақырап, бірнеше көлік суға батып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жүргізушілердің айтуынша, машиналардың асты бүлініп, жөндеуге қыруар қаржы кетуі мүмкін. Ақ қардың астында қалған көліктердің дөңгелектері ойыққа кіріп, орнынан қозғала алмай қалғаны анық көрінеді.

«Әкімдік миллиардтаған қаржыны қайда жұмсап жатыр? Қарапайым халықтың жолы жыл сайын қар түссе-ақ қирайды» деп ашынады тұрғындар.

Тұрғындар:

– «Бірінші қар – бірден коллапс. Машиналар батып жатыр, бағдаршам істемейді, апаттар көбейді».

– «Коттедждердің маңына қайта-қайта асфальт төсейді, ал халық жүретін негізгі жолдар шұңқыр болып жатыр».

– «Көлік бүлінді, енді шығынды кім өтейді? Әкімдік пе, әлде мердігер ме?».

Әкімдікке сын

Тұрғындардың сөзінше, жыл сайын миллиардтаған теңге бөлінгенімен, нәтиже жоқ. «Жолды сапасыз салып, қар түскенде әдейі қирайтындай етіп жасайды, келесі жылы тағы тендер алу үшін» деген пікірлер жиілеген. Алғашқы қардың өзі Қостанайдағы жолдардың шын бейнесін ашып берді. Халықтың басты сұрағы – әкімдік неге сапаны қадағаламайды және көлікке келген шығынды кім өтейді?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары