Жанкүйердің айтуынша, билет құны 1 миллион теңге болған.
Алматылық "Қайраттың" жанкүйері көлігін билетке айырбастағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанкүйердің айтуынша, билет құны 1 миллион болған.
"Билет алып үлгермедім. Артынан басқалардан сатып алуға тура келді. Билет үшін 1 миллион теңге сұрады. Ондай ақшам болмағандықтан көлігімді айырбастайын дедім. BMW машинамды беріп орнына билет алдым. Өкініш бар, ішім ашып тұр", - деді ол.
Желі қолданушылары Жанкүйердің бұл әрекетін сынап түрлі пікір жазды.
"Қате ғой", "Топас", "Обалың жоқ", "Футбол түсінбейтіндер осындай болады", деп жарыса пікір жазды.