Көрермендер билеттердің алдын ала жаппай сатып алынып, кейін бірнеше есе қымбатқа қайта сатылғанын айтуда.
Алматыдағы тарихи ойыннан кейін жанкүйерлердің шағымы көбейіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көрермендер билеттердің алдын ала жаппай сатып алынып, кейін бірнеше есе қымбатқа қайта сатылғанын айтуда. Бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов:
— «Мұндай фактілер бойынша міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Бірақ бізге ресми арыз түсуі керек. Сонда ғана тексеріп, тиісті процессуалдық шешім қабылдаймыз», – деді.
Ал жанкүйерлердің айтуынша, билеттердің қолды болуы қарапайым халықтың стадионға кіруіне кедергі жасаған.