$ 546.96  642.73  6.7

«Байдың баласы емес»: «Қайрат-Реал» матчында алаңға шыққан бүлдіршіндердің кім екені белгілі болды

Олар “Мейірім” балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Танымал заңгер күні кеше Алматыда өткен Қайрат-Реал матчындағы футболшылармен алаңға шыққан балалардың кім екендігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бір байдың баласы ғой” -емес. Кешегі өткен Қайрат-Реал матчында футболшылармен алаңға шыққан балалар ешқандай байдың, чиновниктің балалары емес екен. Тредс қолданушысы Толғанай Сейдахмет атты бойжеткеннің айтуынша олар “Мейірім” балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Мен айналамнан көп естігенім “кіл байдың балалары ғой” , “қанша төледі екен” деген әңгімелер еді.

Бұл әрекеті үшін Қайрат футбол клубына, Қайрат Боранбаевқа бөлек рақмет", - деп жазды ол. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары