Британдық бағдарламашы Дэниел X әлеуметтік желіде өзінің Samsung Galaxy Ring сақинасы саяхат кезінде ісініп кеткенін айтты.
Ұлыбританияда Samsung Galaxy Ring смарт сақинасының кесірінен ер адам ауруханаға жатқызылып, соңында рейстің уақыты ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Британдық бағдарламашы Дэниел X әлеуметтік желіде өзінің Samsung Galaxy Ring сақинасы саяхат кезінде ісініп кеткенін айтты.
"Батарея ісініп кетті, мен сақинаны шеше алмадым, саусағым қатты ауырды. Бұл дәл ұшаққа отырайын деп жатқанда болды", – деп жазды ол.
Салдарынан оның рейсін тоқтатып, қонақүй бөлмесін төлеуге және медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Дәрігерлер ауруханада сақинаны алып тастап, құрылғының ішіндегі батареяның қатты деформацияланғанын растады.
"Мені ауруханаға шұғыл түрде жіберді. Олар сақинаны алып тастады. Батареяның толығымен ісінгенін көруге болады", – деді Дэниел.
Жәбірленушінің айтуынша, бұған Гавайидегі жоғары температура мен ылғалдылық, тұзды судың әсері, бірнеше ретті рейстер немесе батарея ақауы әсер етуі мүмкін.
Оқиғадан кейін бағдарламашы енді ешқашан Galaxy Ring-ті кимейтінін мәлімдеді.
Қаупі қандай:
Психологтар мен дәрігерлер мыналарды ұсынады:
Samsung Galaxy Ring – пайдаланушының ұйқысын, жүрек соғу жиілігін, белсенділік деңгейін және тері температурасын үздіксіз бақылайтын шағын денсаулық трекері.
Samsung әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Дегенмен сарапшылар компания қосымша тергеу жүргізуі мүмкін деп санайды, өйткені мұндай оқиғалар жаңа өнім желісіне сенімге нұқсан келтіреді.