06.10.2025, 03:10

Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінді

Фото: freepik

Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді. 

 

«Сейсмологиялык зерттеу институтының» алдын ала таратқан ақпаратына сай сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Сезілетіндігі туралы мәлімет анықталып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген.

Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9. Сезілу туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):

Жергілікті интенсивтілік (балл бойынша):

Жамбыл облысы, Жуалын ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы – 4 балл, 63 км

Жамбыл облысы, Тараз қаласы – 4 балл, 68 км

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы – 4 балл, 82 км

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – 4 балл, 87 км

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы – 4 балл, 89 км

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласы – 3 балл, 123 км

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы – 3 балл, 124 км

Түркістан облысы, Манкент ауылы – 3 балл, 124 км

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы – 3 балл, 128 км

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы – 3 балл, 130 км

Түркістан облысы, Сайрам ауылы – 3 балл, 133 км

Шымкент қаласы – 3 балл, 146 км

Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылы – 3 балл, 161 км

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – 3 балл, 174 км

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлановка ауылы – 3 балл, 178 км

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян (Чаян) ауылы – 3 балл, 184 км

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласы – 2 балл, 196 км

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы – 2 балл, 204 км

Түркістан облысы, Арыс қаласы – 2 балл, 213 км

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы – 2 балл, 226 км

Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 244 км

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы – 2 балл, 244 км

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле Би ауылы – 2 балл, 250 км

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шаульдер ауылы – 2 балл, 253 км

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы – 2 балл, 257 км

Түркістан облысы, Кентау қаласы – 2 балл, 272 км

Түркістан облысы, Түркістан қаласы – 2 балл, 280 км

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы – 2 балл, 286 км

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылдық округі – 2 балл, 295 км

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы – 2 балл, 301 км

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, 303 км

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл, 305 км