$ 547.57  642.63  6.68

Атырау әкімдігі 300 метр жолды 2 айдан бері жөндей алмай жатыр: халықтың сабыры таусылды

Атырауда жол мәселесі жыл сайын қайталанатын «созылмалы ауруға» айналды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау тұрғындары ашуға булығып отыр. Әлеуметтік желіде Азаттық көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына қатысты шағым қарша борауда. Айтуларынша, бар-жоғы 300 метр жолды екі айдан бері бітіру мүмкін болмай отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала тұрғындары аулаға кіре алмай, таңертеңнен кешке дейін кептелісте тұрып қалған. «Азаттықтағы жолды жабамыз деді, содан бері тыныш. Екі апта бойы ешкім жұмыс істемейді. Жолды қалай болса, солай төсеп кеткен.

Соның кесірінен Махамбет көшесінде мәңгілік кептеліс. Мектепке, жұмысқа бару – азап», – деп жазды жергілікті тұрғын Гүлмира есімді әйел. Басқа қолданушылар да ашуын жасыра алмайды: «Бір ғана 300 метрді екінші ай жөндей алмай жатыр. Пробка, шаң, шу – күнделікті көрініс», – дейді тағы бір тұрғын. «Халық болып асфальт зауыт ашайық! Парақорлар кетсін!» – деп жазған тағы бірі.

Кей тұрғындар әкімдікке тікелей жүгінуге шақырып жатыр: «Біз неге үндемей отыра береміз? Басқа шағын аудандар да жолдың ашылуын жылдап күтіп отыр. Трасса жабылғанына бір жыл болады!» Махамбет көшесіндегі жаңа асфальттың сапасы да сынға ұшырады.

Тұрғындардың айтуынша, төселген жол бір апта өтпей-ақ «көтеріліп», тегіс қабаты бұзылып кеткен. «Жаңа асфальт көтеріліп кетті, @atyrau_qalasy_akimdigi, мұны неге қабылдап алдыңдар?» – деп жазды атыраулық белсенді Нұрлан Жүнісов Қала тұрғындары енді күзгі жаңбыр мен қардан кейін жағдай тіпті ушығатынын айтып, «ливневка» жүйесінің жоқтығын да сынға алып отыр: «Жаңбыр мен қардан кейін су қайда кетеді? Ливневка деген атымен жоқ. Африкада жүргендей, жыл бойы жаздай боламыз ба?». 

Атырауда жол мәселесі жыл сайын қайталанатын «созылмалы ауруға» айналды. Әкімдік биыл да халықтың сабырымен ойнап отырғандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары