$ 545.67  636.41  6.57

«Бейәдеп, дөрекі сөздер»: Қорғаныс министрлігі желіде тараған даулы видеоға қатысты қызметтік тексеріс бастады (ВИДЕО)

Қорғаныс министрлігі бейнежазбаның 2025 жылғы 9 маусымда Қызылорда облысындағы жергілікті әскери басқару органдарының қатысуымен өткен ішкі онлайн-кеңесте түсірілгенін растады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында түсірілді делінген онлайн-кеңестің даулы видеосына қатысты қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде бір топ әскери қызметкердің қатысуымен өткен кеңестің видеосы тарады. Видео авторлары оқиға Қызылорда облысында болғанын айтады. Кадрларда жергілікті әскери басқару органының басшысы өзінің бағыныштысына этика нормаларын бұзып дөрекі сөйлеп, ескерту жасағаны байқалады.

Қорғаныс министрлігі бейнежазбаның 2025 жылғы 9 маусымда Қызылорда облысындағы жергілікті әскери басқару органдарының қатысуымен өткен ішкі онлайн-кеңесте түсірілгенін растады.

"Кеңес барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қоластындағыларға ескерту жасаған. Алайда бұл ретте этикалық нормаларды сақтамаған. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады", – делінген министрлік таратқан ресми хабарламада.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай 2025 жылдың жазында "Қазақстан темір жолы" компаниясында да болған еді. Әлеуметтік желілерде басшының қызметкерлеріне бейәдеп сөздер айтып, қатқыл сөйлегені түсірілген видео тараған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, біреулер сынға оны алса, енді біреулер қолдаған болатын.

Кейінірек бейнежазбаға түскен "ҚТЖ – Жүк тасымалдары" ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі бұрынғы бас директорының орынбасары Асан Өмбетов пікір білдіріп, бұл оқиға оның өмірінде үлкен сабақ болғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары