$ 545.67  636.41  6.57

Әділдік қайда? Жалғыз ұлын өлтірген қылмыскер әлі жазаланған жоқ, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады

Марқұм — отбасындағы жалғыз ұл, үйдің асыраушысы болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

26 маусым түнгі сағат үш шамасында қайғылы оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам балконға шығып, “Мен сендерді өлтіремін!” деп айқайлаған. Бірнеше минуттан кейін ол өз сөзін іс жүзінде дәлелдеп, бейкүнә жігіттің өмірін қиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұм — отбасындағы жалғыз ұл, үйдің асыраушысы болған. Ата-анасы мен туыстары үшін ол үміт пен тірек еді. Бірақ сол түні бәрі аяқталды. Дәрігерлер жараланған жігітті аман алып қалуға тырысқанымен, алған жарақаты тым ауыр болып шықты.

Қазір бұл іс “абайсызда адам өліміне себеп болу” бабы бойынша қаралып жатыр. Алайда марқұмның туыстары мұнымен мүлде келіспейді. Өйткені, олардың айтуынша, бұл — ойластырылған, әдейі жасалған қылмыс. Тіпті қылмыскердің туған бауыры да сотта “иә, ол мойындады, өлтіргенін өзі айтты” деп мәлімдеген. Соған қарамастан, әділ шешім шықпай келеді.

Марқұмның отбасы ешкімнен кешірім де, көңіл айту да, материалдық не моральдық көмек те алмағанын айтады. “Біз тек әділдік сұраймыз. Біз баламызды қайтара алмаймыз, бірақ әділ сот шешімін көру — біздің соңғы үмітіміз” дейді олар.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары “Неге айқын дәлел болса да, қылмыскер жеңіл баппен құтылып жатыр?” деп наразылық білдіруде.

Қазір туыстары мен жақындары халықтан ақпараттық қолдау сұрайды.

“Бұл бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның әділдікке деген сенімін сынайтын іс”, — дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары