$ 545.67  636.41  6.57

Атырауда блогерді зиратқа апарып, ұрып-соққан (ФОТО)

Оның айтуынша, ол турды ұйымдастырушы Айдана Ақмұрзиеваға алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге аударған.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Атыраулық блогер Құралай Болатова Ыстамбұлға арналған жарнамалық турға байланысты туындаған жанжалдан кейін шабуылға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол турды ұйымдастырушы Айдана Ақмұрзиеваға алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге аударған. Кейін Құралайдың ұсынысымен бірнеше жазылушы да сол турға ақша жіберген. Алайда тур өтпей қалған, ал қаражатты қайтаруды талап еткен кезде блогер қоқан-лоқы көре бастаған.

Құралай Болатованың айтуынша, 3 қазан күні кешке Айдана Ақмұрзиева мен оның құрбысы Ақбота Нұғманова «сөйлесеміз» деген сылтаумен кездесуге шақырып, оны қала сыртындағы зиратқа апарған. Сол жерде олар блогерді ұрып-соғып, қорлаған.

«Мені алдап, ұрып, қорлады. Мен бұл жағдайды үнсіз қалдыра алмаймын. Кінәлілер жазасын алуы керек. Заң бәріне бірдей болуы тиіс», – деп жазды Құралай Болатова өз Instagram парақшасында.

Аталған оқиға бойынша қазіргі уақытта «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалған.

«4 қазан күні 25 жастағы атыраулық тұрғын полицияға өзіне таныстары дене жарақатын салғаны жөнінде арызбен жүгінді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қатысқан барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау жазбалары алынды, куәгерлерден жауап алынуда, беттестіру шаралары өткізілуде. Арызданушының барлық уәждері толығымен тексеріледі, әрбір қатысушының іс-әрекетіне заң аясында баға беріледі», - делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары