$ 541.63  632.24  6.61

Арқалықта хирург ішіп алып ота жасаған

Айта кетейік, әлеуметтік желіге тараған видео мәліметтеріне қарағанда, операция барысында ер адам көз жұмған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында операция кезінде пациенттің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, әлеуметтік желіге тараған видео мәліметтеріне қарағанда, операция барысында ер адам көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, ота жасаған нейрохирург сол кезде мас болған және отадан кейін бірден ауруханадан кетіп қалған.

"Фармацевтикалық бақылау департаменті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өңірлік ішкі істер департаментінде іс қозғалды. Тексеру қорытындысында тиісті пікір білдіреміз деп ойлаймын. Полиция департаменті тарапынан істің мән-жайы айтылған жоқ. Дегенмен, біз өз тарапымыздан маман бердік", – деді Ақмарал Әлназарова.

Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған отасынан кейін 61 жастағы науқас қайтыс болған. Ер адам ота үстелінде көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары