$ 541.63  632.24  6.61

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Алматы облысында және Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді.

Фото: freepik
Фото: freepik

Қазақстанда алдағы сәрсенбіде, 2025 жылғы 8 қазанда жауын-шашынсыз, сондай-ақ суық ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында ғана жаңбыр жауып, қар түсетіні болжанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің айтуынша, мына өңірлерде түнде үсік жүреді деп күтіледі:

  • Алматы облысында және Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді,
  • Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында 1-3 градус суықты көрсетеді.
"Тек Қазақстанның шығысында (Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы - шамамен) жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Қазақстанның қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді, ал батыста, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болады". 

Сонымен қатар республиканың бірқатар облыстарында тіркелетін қауіпті табиғи құбылыстар мынандай болып келеді:

  • жоғары өрт қаупі - Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысанда, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары