$ 540.06  628.25  6.61

Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалады

39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам де сот үкімі шықты. 15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге химиялық кастрация жасалмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкереленді. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң әйелге қызы бар шындықты жайып салған. Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізді. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.

“Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Және химиялық кастрация жасау үкім етілсін. Орта білімді ер адам жұмыссыз. 4 баланың әкесі. Оған енді өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары