$ 538.63  622.23  6.71

Алматыда 18 жастағы бозбаланы еңгезердей еркектер жабылып ұрған (ВИДЕО)

Жарақат алған жігіттің өзі ауруханада жатыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда 18 жастағы бозбаланы еңгезердей ерлер жабылып ұрып кеткен. Анасының айтуынша, жас жігіттің басы жарылып, мұрын тас-талқан болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«12 қазанның түнінде 35-40 жас шамасындағы бір топ мас еркек ұлымды Толе би көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесінің алдында ұрып кетті. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан теуіп, ұрып кеткен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін», - деді жәбірленушінің анасы.

Жарақат алған жігіттің өзі ауруханада жатыр. Оның айтуынша, мас адамдар себепсіз жабылған. Өзінің алкогольді сусын ішпегенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары