14.10.2025, 11:50

Автобус қағып, баласынан айырылған әйел өзіне бензин құйды: қаққан жүргізушіні сот ақтап алған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Оқиға әкімдік ғимаратында болған.

Алматыда автобус қағып, баласынан айырылған әйел әділдік таба алмай, өзіне бензин құйды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

39 жастағы Жанар Қалжанова 2021 жылы жаяу жүргіншілер жолағында автобустың астына түсіп, 12 апталық жүктіліктен айырылған. Апаттан кейін төрт рет ота жасатқан, кейін асқынулардан жатырын алып тастауға мәжбүр болған.

«Сот жүргізушіні кінәсіз деп тапты. Ал мен баламнан, әйелдік денсаулығымнан айырылдым. Төрт балам бар, өзім жұмыс істей алмаймын. Маған ешкім көмектескен жоқ. Әділдік көрмедім», — дейді Қалжанова.

Оқиға әкімдік ғимаратында болған. Әйел өзін бензинмен шылап, өзін өртемек болған. Қасында кішкентай баласы да болған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жетіп, әйелді сыртқа алып шыққан. Қазір ол психиатриялық орталыққа жеткізілді. Әкімдік өкілдері сот шешіміне шағымдану мерзімі өтіп кеткенін айтып, түсініктеме берді. Алайда бұл жағдай қоғамның ашу-ызасын тудырды.

Желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар:

«Неге автобус жүргізушісі ақталып шықты? Неліктен әйел әділдік таппады?» – деп сұрап, әділет жүйесіне сын айтты.