Турнир Атырау облысы әкімдігінің және Қазақстан киберспорты федерациясының қолдауымен өтті, олар шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды, ойыншылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлық жағдай жасады.
10 қазанда Атырауда Орталық Азияның үздік киберспортшыларын біріктірген Атырау облысы әкімінің кубогы – Atyrau СyberСup 2025 Бірінші халықаралық кибертурнирінің гранд-финалы өтті. «Жайық» спорт кешенінде өткен ақтық сайыс Қазақстанның киберспорт индустриясындағы жылдың ең ауқымды оқиғаларының бірі атанды.
Іс-шараның бас серіктесі турнирдің барлық қатысушысын заманауи цифрлық инфрақұрылым және тұрақты интернетпен қамтамасыз еткен «Қазақтелеком» АҚ ірі телеком-операторы болды. Ойыншылар мен ұйымдастырушыларға талшықты-оптикалық желі арқылы шапшаң интернет ұсынылды, сондай-ақ алаңның үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін резервтік байланыс арналары қарастырылды.
18-29 қыркүйек аралығында онлайн-біліктіліктер өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан ойыншылары қатысты. Турнирге барлығы 2000-ға жуық спортшы және үш пәннен 300-ден астам команда жиналды.
27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өткен play-off кезеңі тікелей эфирде көрсетіліп, турнирдің онлайн платформаларын мыңдаған көрермен тамашалады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 000 000 теңге, оның ішінде 4 000 000 теңге - Dota 2, 4 000 000 теңге - Counter-Strike 2 және 2 000 000 теңге - PUBG Mobile үлесінде.
Atyrau СyberСup 2025 жеңімпаздары болып:
- Counter-Strike 2-ALLINNERS командасы (Қазақстан);
– Dota 2-Uncrowned Kings командасы (Қырғызстан);
– PUBG Mobile-DESTRUCTION (Қазақстан) командасы атанды.
«Қазақтелеком» АҚ киберспорт саласындағы технологиялық көшбасшылықты тағы да растады – биыл жыл басында компания ТМД мен Орталық Азиядағы Counter-Strike 2 бойынша соңғы алты жылдағы ең ірі офлайн-шара PGL Astana 2025 халықаралық турнирінің техникалық серіктесі болған еді.
«Қазақстанда киберспорт пен цифрлық бастамаларды дамытуды қолдаймыз. Біздің қуатты телеком-инфрақұрылымымыз бен заманауи шешімдеріміздің арқасында осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін технологиялық негіз жасаймыз. Киберспортты дамыту – жай ойын емес, елдің болашағын қалыптастыратын цифрлық құзыреттіліктер, IT-мәдениеті және инновацияларды дамыту болып табылады», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес дивизионының маркетинг және даму жөніндегі директоры Абылай Жұмагелдинов.
Турнир Атырау облысы әкімдігінің және Қазақстан киберспорты федерациясының қолдауымен өтті, олар шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды, ойыншылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлық жағдай жасады.
«Atyrau СyberСup 2025 киберспорттың көрші мемлекеттердің басын қосып, жастар арасында цифрлық мәдениеттің дамуына ықпал ететінінің жарқын мысалы болды. Шараның халықаралық ауқымы Қазақстанның өңірлік киберспорт орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан маңызын көрсетеді», – деп киберспорт федерациясының өкілдері атап өтті.
Финал қонақтары үшін шараға толы бағдарлама дайындалды: 1v1 мини-турнирлер, PS-аймақтар, фотоаймақтар, серіктестердің белсенділігі және iPhone 17, PS5 және ойын перифериясы секілді бағалы сыйлықтармен ұтыс ойындары өткізілді. De Lacure-дің өнер көрсетуі - мерекелік кешті одан әрі жандандырып жіберді.