$ 494.87  520.65  4.91

Аптап ыстықтан Оралда өрт көбейіп барады

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі бойынша БҚО және Орал қаласында 19 тамызға дейін 42 градусқа жететін қатты ыстық сақталады. Қатты желмен қоса ауа райы өрт қауіпті жағдайды туғызуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертті және осы күндері табиғатқа шығудан бас тартуды ұсынды. Алайда барлық ескертулерге қарамастан облыстық өрт сөндірушілерге демалыс күндері өрттер жиі болды. 16-17 тамыз күндері өрт сөндірушілер 22 рет дабыл бойынша құрғақ шөптің жануын сөндіруге шықты.

17 тамызда түстен кейін 101 телефонына 2-ші Саяжай маңында құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат келді. Дабыл орнына №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жолданды.

«Ашық алаң, жоғары температура, жану ошағына жету қиындығы және шоқты лақтырған желдің кесірлерінен от тез арада үлкен көлемді аумақты басып алды және өзеннің бір жағалауынан екіншісіне тарапта үлгерді. Отты тоқтатуға қосымша күштер жұмсалды: №2 мен №3 өрт сөндіру бөлімдерінің және №5 МӨСБ және мамандандырылған жасақтың кезекші қарауылдары жіберілді. Сонымен қатар қызмет атқарудан босатылған жеке құрам өртті жою жұмыстарына кірісті және резервті техника мен жабдықтар жауынгерлік жұмыстарына дайындалды», делінген хабарламада.

Өрт құрғақ шөптерді, бау-бақша серіктестігі аумағындағы теректерді және электроқалқан және саяжайлық үйлерді жаулады. Қатты түтіндену, желдің жылдамдылығы мен жиілігі тұрғындар мен өрт сөндіру жұмыстарына қатысқан адамдардың денсаулықтарына қауіп-қатер туғызды. ТЖ департаменті, өрт сөндірушілер және БҚО ІІД қызметкерлерінің күштерімен адамдар мен техникаларды көшіру жұмыстары жүргізілді. Орал қаласының ТЖ басқармасының ақпараты бойынша 30 адам көшірілген.

Түтін кесірінен болған жолдың көрінбеуі, ыстық ауа, жану ошағына апаратын жолдардың болмауы және уақ бұталар мен құрғақ шөптердің биіктігі өрт сөндірушілерге көп қиындық жасады. Осындай ыстықта құйылған су бір мезетте сіңіп кетуде. Жануды сөндіруге «Орал» темір жол станциясының поезі және МИ-8 тік ұшағы шақырылды. Отты сөндіру жұмыстарына БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 13 техника бірлігі, жеке құрамның 134 адам, газтүтінқызметінің 5 буыны қатысты.

Қазіргі уақытта анықтаушылар оттың себебін, көлемін, залалын, кінәлі тұлғаны және зардап шеккен үйлердің санын анықтау үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары