$ 444.22  476.38  4.82

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Наурызым ауданында соңғы екі күнде адам шығынымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Атап айтқанда, «ГАЗ-3110» маркалы көлік жол тегістегішке соғылған. Салдарынан 50 жастағы жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Қалған бес жолаушы ауыр жарақаттар алды. 

Облыстық ІІД ақпаратына сүйенсек, бұл жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Сол тас жолда сол жол тегістегішке тағы бір жеңіл көлік соқтығысты. 47 жастағы шетелдік көлік жүргізушісі қауіпсіздік қағидасын бұзып, жол техникасын басып озған кезде онымен соқтығысқан. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза болды.

Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов жөнделіп жатқан жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейтуге тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары