$ 536.32  626.9  6.6

«Бес айдан бері су далаға ағып жатыр»: Жезқазған тұрғындары әкімдіктің әрекетсіздігіне наразы (ВИДЕО)

"Қыста бәрі қатып, көше көктайғаққа айналуы мүмкін".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жезқазғанның Батыс шағынауданының тұрғындары мамыр айынан бері жарылған құбыр әлі жөнделмегенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқырманның айтуынша, құбырды тартқан компания мәселені әкімдікке жеткізген, алайда жергілікті билік тарапынан әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмаған. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, тұрғындар өз күштерімен басқа жақтағы шұраны жауып үлгерген, содан кейін судың қысымы азайған. Бірақ егер күн суытқанға дейін жөндеу жүргізілмесе, жағдай одан әрі қиындауы мүмкін.

«Бес ай болды, су көшеге ағып жатыр. Қыста бәрі қатып, көше көктайғаққа айналуы мүмкін», – дейді тұрғындар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары