$ 538.12  627.02  6.65

Ақмола облысында жанармай бекетінде ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

13 қазанда сағат шамамен 09:45-те жанармай құю бекеттерінің бірінде ер адам тоққа түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Болжам бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, тоқ соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан", – деп хабарлады ведомство.

Облыстық еңбек инспекциясы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары