$ 537.84  626.85  6.79

ШҚО-да жаңа жөнделген көпір опырылды: халық «ақша қайда кетті?» деп ашулы (ВИДЕО)

"Мемлекетке сенім жоқ!"

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Шығыс Қазақстан облысында Шнайдеров көпірі құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл көпірдің бір бөлігі 1 қыркүйекте опырылған болатын, ал облыс әкімі Нұрымбет Сақтанғанов енді оны қалпына келтірудің орнына жаңа көпір Малая айналма жолының бойында салынатынын айтты. Бірақ әлеуметтік желіде халықтың ашуы басылар емес. Көпшіліктің айтуынша, көпірге жақында ғана қомақты қаржы бөлініп, жөндеу жүргізілген. Енді болса ол қайта қирап, миллиардтаған теңге желге ұшқандай. Пікірлерде тұрғындар ашық наразылық білдіруде: «Жөндеу әрдайым арзан. Бірақ жақында ғана жөнделген көпір қайта құласа, кім кінәлі? Мердігер ме, жобалаушы ма, техникалық қадағалаушы ма – біреу міндетті түрде жауап беруі керек!» – деп жазған қолданушылардың бірі. Тағы бірі: «Мемлекетке сенім жоқ! Енді 10 жыл бойы көпірсіз жүреміз», – деп күйінген.

Қазір Шнайдеров көпірі арқылы қозғалыс толық тоқтаған. Халық енді жауапты органдардан нақты есеп пен кінәлілердің жазасын талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары