Тергеу деректеріне сәйкес, әйел табысты арттырамын деген желеумен Бөрлі ауданы тұрғынының жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын ақшасын алдап алған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Орал қаласының 34 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тергеу деректеріне сәйкес, әйел табысты арттырамын деген желеумен Бөрлі ауданы тұрғынының жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын ақшасын алдап алған.
"Қаражат 2023 жылдың шілдесінен бастап 2025 жылдың қазанына дейін берілген, бұл жәбірленушіні ұзақ уақыт және жүйелі түрде алдап келгенін көрсетеді. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.