Қазір ақауларды жою жұмыстары басталып, нысанда тиісті техникалық тексеріс жүргізілуде.
Талдықорған қаласындағы «Құлагер» ықшам ауданында орналасқан №10 көпқабатты үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде кәріз және жылу желілеріндегі ақауларға байланысты шағым түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала әкімдігі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Құрылыс бөлімі өкілдерінің айтуынша, мәселенің мән-жайы анықталып, мердігер ұйым мен жауапты бөлімдер бірлесіп тиісті шаралар қабылдап жатыр.
«Тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайды. Анықталған ақауларды жою бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде», – деді әкімдік өкілдері.
Қазір ақауларды жою жұмыстары басталып, нысанда тиісті техникалық тексеріс жүргізілуде.