$ 536.32  626.9  6.6

Сенатор халықты ішімдіктен түбегейлі бас тартуға шақырды (ВИДЕО)

"Өзім де ішімдік ішкенмін".

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Сенатор Марат Қожаев алкогольді мүлде тыйым салу керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ішімдік — еліміздегі жүздеген жол-көлік апатының, өндірістегі жарақаттар мен жұмыс өнімділігінің төмендеуінің басты себебі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Арақ ішу тек адамға емес, қоғам мен мемлекетке зиян. Жол апаттары, қираған инфрақұрылым, жұмыс берушінің білікті маманынан айырылуы – бәрі ішімдіктің кесірінен», – деді сенатор.

Ол кейбір ауылдар мен елді мекендердің ішімдік сатудан толығымен бас тартқанын мысалға келтіріп, «олардың өмірі тоқтап қалған жоқ» деді.

Марат Қожаев өз сөзінде жеке өмірінен де мысал келтіріп, ашық мойындады:

«Мен ханжа емеспін. Өзім де ішімдік ішкенмін. Кейде шамадан тыс отырып, ертеңіне жұмысқа келген кездерім болды. Ол күні қандай еңбек өнімділігі болуы мүмкін? Жарты күн өз-өзіңе келе алмайсың», – деді ол.

Сенатордың бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқы тудырды. Бірі оны батыл қадам деп бағаласа, енді бірі «ішімдікке тыйым салу — шешім емес, мәдениет қалыптастыру қажет» деп пікір білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары