$ 536.32  626.9  6.6

«Анам үйге қамап қойды»: Атырауда жасөспірім көмек сұрады (ВИДЕО)

Тіпті мен қатысып жүрген үйірмелерге де баруға рұқсат бермейді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атырауда жасөспірім анасының өзіне қатыгездік танытып жүргенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрады. DAS Media таратқан бейнежазбада бала көзіне жас алып, үйден шығуға тыйым салынғанын, тіпті ресми түрде қатысып жүрген үйірмелерге де баруға болмайтынын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Анам мені үйден шығармайды. Тіпті мен қатысып жүрген үйірмелерге де баруға рұқсат бермейді. Ол мені бұрынғы сожителінен бірдеңе ұрлады деп айыптайды. Бірақ мен ештеңе ұрлаған жоқпын, өйткені үйдің бәрінде камера орнатылған», — дейді жасөспірім.

Баланы бұрынғы сожителі мен анасының арасындағы жанжалдың ортасында қалдырған. Оның сөзінше, ер адам бұған дейін өзін және қарындасын бірнеше рет ұрып-соққан. Ал туған әкесі Атырауда тұрса да, көмек көрсетуден бас тартқан.

«Әкем бар, бірақ сенімхат бергісі келмейді. 10 қазанда мен қарындасыммен бірге қамқоршылық органдарына бардық. Бірақ олар “бұл — жеке отбасылық мәселе” деп жауап берді», — дейді бала.

Желі қолданушылары оқиғаның мәніне бейжай қарамады. Комментарийлер астында жүздеген адам «анасы баласының сөзін тыңдамай, өз баласына сенімсіздік танытты», «балаларды серіктерге айырбастайтын аналар көбейді», «қамқоршылық органдарының әрекеті масқара» деген пікірлер қалдырған.

Бейнежазба тарағаннан кейін қоғам өкілдері мен белсенділер бұл жағдайға Білім министрлігі мен қамқоршылық органдары дереу араласуы тиіс екенін айтып, тексеру жүргізуді талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары