$ 536.32  626.9  6.6

«Lenovo» директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды

Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның ақпаратынша, ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

"Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.

Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген", - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары