Әріптесі дер кезінде әрекет етіп, әйелді тоқтатқан.
Атырауда мас әйел полиция қызметкерінің арқасына пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қазан күні болған. Екі учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжал туралы шақыртумен қаладағы пәтерлердің біріне келген.
“Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттері аясында әрекет еткен. Жанжал шығарған ер адамды бөлімшеге жеткізуге әрекет жасаған сәтте пәтерде болған оның жұбайы, мас күйдегі әйел кенеттен полицейлердің бірінің арқасына ас үй пышағымен жарақат салған”, – делінген хабарламада.
Әріптесі дер кезінде әрекет етіп, әйелді тоқтатқан.
“Жараланған полиция қызметкері Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыс құралы ретінде ас үй пышағы тәркіленді. Күдіктінің әрекеттері полиция қызметкерлерінің бейжетонына жазылған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы – “Билік өкіліне өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәліге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.