18.10.2025, 21:30

«Қол жүгінен өрт шыққан»: Ұшақта литий қуаттағышы жарылып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Экипаж өртті тез арада сөндірді. Бортта ешкім зардап шеккен жоқ.

Қытайда Air China рейсінің бортында литий қуаттағышынан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 18 қазанда Ханчжоудан Сеулге (Инчхон) бағыт алған CA139 рейсінде болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылардың бірінің сөмкесіндегі литий қуаттағышы өздігінен тұтанған.

Экипаж өртті тез арада сөндірді. Бортта ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақ Шанхай Пудун халықаралық әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды.

Air China хабарлауынша, рейс таңғы сағат 9:47-де ұшып, Инчхонға 12:20-да жетуі керек еді.