$ 538.12  627.02  6.65

Оралда оқушы қатарласын пышақтап тастады

Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

 Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті — кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеуді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары