21.10.2025, 00:00

Президент Юрий Аравиннің жақындарына көңіл айтты

Фото: Shyndyk.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті.