$ 538.12  627.02  6.65

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туыс атасынан жүкті болып қалған

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары