$ 538.56  625.65  6.62

Мобильді тарифті мемлекет емес, оператор қояды

Бұл құқық толығымен байланыс операторларына берілген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев ұялы байланыс саласындағы тарифтер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, мемлекет енді мобильді сессияларға арналған тарифті бекітпейді. Бұл құқық толығымен байланыс операторларына берілген.

«Мемлекет тарифтерді орнатпайды. 2017 жылдан бастап қаржылық нормаларға өзгерістер енгізілді. Енді операторлар өз сессиясын ашу кезінде тарифті өздері белгілейді. Бұл — нарықтағы еркін бәсекелестікті дамыту үшін жасалған қадам», — деді Мұсалиев.

Вице-министрдің сөзінше, мемлекет тек бақылаушы рөлінде болады. Егер операторлар тұтынушыларға әділетсіз баға қойса, тиісті шаралар қабылданады. Қарапайым тілмен айтқанда, телефон тарифін кім қояды — енді соны әр компания өзі шешеді. Ал мемлекет тек бәрі әділ болуын қадағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары