$ 538.11  623.51  6.61

Талдықорғанда жарылған су құбыры жөнделіп, су беру қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта барлық тұрғындарға су беріліп жатыр.

Коллаж: qaz.365.kz
Коллаж: qaz.365.kz

Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, 14 қазан күні Ащыбұлақ саяжай массивінде су құбырының жарылуы туралы өтінім тіркелген.

«Жетісу Су құбыры» мекемесінің апаттық бригадасы дереу оқиға орнына шығып, жөндеу жұмыстарын бастаған. Тексеру барысында ақаудың себебі эксцентриктің сынуынан болғаны анықталды. Мамандар су айдау жұмыстарын жүргізіп, апатты абонентті уақытша судан ажыратқан. Қазір желі бойынша су беру қалпына келтірілді. «Қазіргі уақытта барлық тұрғындарға су беріліп жатыр. Тек бір абоненттің су өлшегіш торабы ауыстырылуда, оған тиісті хабарлама берілді», – деп мәлімдеді бөлім өкілдері.

Апат салдарынан топырақтың шөгуі байқалған. Бұл аумақтағы қалпына келтіру жұмыстары 25 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Қалалық әкімдік жағдайды тұрақтандыруға жедел әрекет етіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды басты міндет ретінде қарастырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары