$ 538.56  625.65  6.62

Жел күшейіп, жаңбыр жауады: Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Қарағанды ​​облысында 15-20 м/с жел соғады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаңбыр жауады. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оралда тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында, Атырау, Абай облыстарында тұман түсіп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау, Жезқазған, Қызылорда қалаларында, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары