$ 538.53  623.94  6.59

«Үйлеріңе айтпаңдар деген»: Семейде мектеп асханасында бәліштің ішінен тышқанның жүні шықты

Қазір бұл оқиғаның қалай болғанын арнайы мамандар анықтап жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Семейде жаңа оқу жылының басында ғана ашылған мектеп асханасында төтенше жағдай тіркелді. Ондағы бәліштің ішінен тышқанның жүніне ұқсас белгісіз зат табылған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір бұл оқиғаның қалай болғанын арнайы мамандар анықтап жатыр.

"Балалар мұғалімге барып айтқан. Ал ол не деді? “Ата-аналарыңа айтпаңдар!” депті. Міне, қараңыздар, бұл тышқан. Бұл жіп емес, тышқанның жүні", – деді ата-аналардың бірі.

Жеуге жарамсыз салмасы бар бәліштің суреті әп-сәтте ата-аналар чаттарында таралып кетті. Ата-аналар бұл жағдайға алаңдап, "Балаларға мектеп асханасында не береді? Мұндай жағдай қалай болуы мүмкін?" деп жауап талап етті.

Оқиға бойынша білім бөлімі арнайы комиссия құрды. Оқушылардың тамақтануына жауапты орынбасарға тәртіптік жаза қолданылған. Қалған тағам түрлерінен әзірге күмәнді зат табылмағанымен, мектеп асханасын санитарлық қызмет мамандары тағы бір мәрте тексеретін болды.

Семей санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Асия Жарылғапованың айтуынша ата-аналар шағым түсіргенін айтады.

"№52 орта мектептің оқушысының туысы тарапынан шағым түсті. Аталған шағым бойынша мектеп асханасына қызмет көрсететін жеке кәсіпкерге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде", – деді Асия Жарылғапова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тышқан #Семей