$ 538.53  623.94  6.59

Түркістанда 15 жастағы оқушының жүкті болуы оқиғасы бойынша тергеу басталды — министр

Министрдің айтуынша, бұл балалар жайында ақпарат кеңінен тарап кеткеннен кейін, психологиялық ауыр жағдайға душар болған.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе және Түркістан облыстарында оқушы қыздардың жүкті болуы оқиғаларына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі бүгінде өзекті проблеманың бірі. Қазіргі кезде мектептерде акушер-гинеколог деген маман жоқ. Сондықтан осыны қайтару бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмысты бастадық, — деді Жұлдыз Сүлейменова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, бұл балалар жайында ақпарат кеңінен тарап кеткеннен кейін, психологиялық ауыр жағдайға душар болған.

— Қазір оқушының білім алуын ары қарай жалғастыруына жағдай жасауға міндеттіміз. Психологиялық көмек те жасалып жатыр. Тергеу амалдары аяқталмайынша бұдан басқа мәліметті жариялай алмаймыз, — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Түркістан облысында 71 жастағы туысынан жүкті болып, босанған 15 жастағы қыздың жағдайына қатысты тергеу басталғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары