Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 15 жастағы оқушы қыздың 71 жастағы туысынан жүкті болып, кейін босанғаны жайлы ақпарат тараған еді.
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Түркістан облысындағы ел естімеген сұмдыққа қатысты ой-пікірін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 15 жастағы оқушы қыздың 71 жастағы туысынан жүкті болып, кейін босанғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Жасөспірім 2025 жылдың қаңтар айында босанған. Десе де, бұл жағдай бойынша анасы полицияға тек қазан айында арыз берген көрінеді.
– Қыз бала Астанада босанған мезгілде ғана аурухана қызметкерлері бұл туралы қалалық полицияға хабарлаған. Астана қаласы Полиция департаменті бұл деректі КУИ-ға (ақпараттарды есепке алу кітабы) тіркеп, жергілікті мекенжайы бойынша Түркістан облысына жолдаған. Алайда Келес ауданы полиция бөлімі бұл материалды номенклатуралық іске жіберген. Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша ІІМ мен облыстық прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр, – деді балалар омбудсмені.
Бұған дейін "Ел естімеген сұмдық: Түркістандық 15 жастағы қыз 71-дегі туысынан бала тапты" деген тақырыпта материал жариялаған едік.