$ 538.53  623.94  6.59

Армения премьері Никол Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

Кеше Президент Ильхам Әлиев Әзербайжанның өз аумағы арқылы Арменияға транзиттік жүк тасымалына шектеулерді алып тастағанын айтты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күні кеше Әзербайжанның жүк транзитіне қойған шектеулерді алып тастағаны белгілі болды.

"Кеше Президент Ильхам Әлиев Әзербайжанның өз аумағы арқылы Арменияға транзиттік жүк тасымалына шектеулерді алып тастағанын айтты. Бұл өте маңызды мәлімдеме екені белгілі. Осы қадамы үшін Әзербайжан Президентіне алғыс айтамын. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне ризашылығымды білдіремін", – деді Пашинян Тбилисиде өткен V Жібек жолы халықаралық форумында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары