$ 538.13  624.88  6.64

12 адамның өмірі қиылды: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Самара – Шымкент тасжолының Белқопа ауылы маңында DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген "ГАЗель" көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға орнында екі көліктің жүргізушісі мен 10 жолаушы көз жұмды. Тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, "ГАЗель" ресми түрде Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына жолаушылар тасымалымен айналысқан.

Сондай-ақ, "Қазавтожол" баспасөз қызметі Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты.

2025 жылғы 23 қазан сағат 09:40-та Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасының орын алуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" 844-965 шқ., (Хромтау қ. - Қарабұтақ ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп жазылған хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары