Ешқашан қазақта ондай дәстүр болмаған.
Қазаны телефонмен естіртуге болмайды. "Сенім студиясы" бағдарламасында психолог Серікгүл Сәли қазаны неліктен телефонмен естіртуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
-Кейбір сумақайлар бар. Қаза болған үйде сүйінші сұраған сияқты бірінші болып көңіл айта қояйын деп телефонмен хабарласып, қайтыс болды деп сумаңдады. Солар көбіне себепкер боп жатады. Өздерін жаңалық таратушы ретінде сезінеді. Ешқашан қазақта ондай дәстүр болмаған. Телефонмен ешқашан телефонмен айтпайды. Үйінде отырған кезде барып амандасып, үйінде отырып айтады. Сондай керемет мықтысың ба, барып айт. Бет көрісіп айтасың. Әйтпесе, той-томалақта, қоғамдық көлікте жүріп көңіл айтпайды. Үлкен аталарымыз, әжелеріміз осының бәрін біледі. Үйреніп отырса, ұрпақтар сабақтастығына жалғасып кете береді сонда.