$ 538.53  623.94  6.59

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған.

Фото: kazinform
Фото: kazinform

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болды. Дрон түсіп, жарылыс болған. Жарылыс толқыны үйлерді шайқаған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде мүдделі органдармен бірге Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат бөліктеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

— Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын да Батыс Қазақстан облысы аумағына бірнеше дрон құлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары