Қорғаныс министрлігі қазір барлық деректерді тексеріп, оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Министрліктің хабарлауынша, қазір оқиғаның мән-жайы мен дронның шыққан тегі анықталып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Бөрілі ауданының Қызылтал ауылы маңында дронның қалдықтары табылған. Тұрғындар жарылыс кезінде қатты дүмпу естігенін және үйлердің терезелері шайқалғанын жеткізген.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс орнында шұңқыр пайда болған. Бұл дронда жарылғыш зат болғанын көрсетеді деген болжам бар. Бүгін Батыс Қазақстан облысына іргелес Орынбор өңірінде де дрон шабуылына байланысты әуе дабылы қосылған еді.
Қорғаныс министрлігі қазір барлық деректерді тексеріп, оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.