$ 538.13  624.88  6.64

Атырау облысындағы әлеуметтік орталықта тәрбиеші мүгедектігі бар баланы аяусыз соққыға жыққан

Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қарауындағы баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан тәрбиешінің баланы ары-бері жұлқып, бірнеше рет қол жұмсағанын, басынан ұрғанын көруге болады. 

Полицияның дерегінше, бұл оқиға 2024 жылы болған. Алайда бұл жағдай туралы тек биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болды.

“Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары