$ 538.13  624.88  6.64

Шымкентте мерекелік отшашудан кейін өрт шықты (ВИДЕО)

Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

25 қазан күні түнде Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.

“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”, – деп хабарады ведомство.

Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті өрттің сағат 23:50-де сөндірілгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары