Тексеру кезінде олардың барлығы шетел азаматшалары екені анықталды.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшеде күмәнді заттар сатып жүрген төрт қызды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тексеру кезінде олардың барлығы шетел азаматшалары екені анықталды, біреуі кәмелетке толмаған.
Полицияның мәліметінше, қыздар ылғал майлықтар салынған қораптарды сатып, оларға "Мен сегіз баланың анасымын, өтінемін, мына майлықты сатып алыңыздар" жазуы бар қағаздар қоса таратқан.
Осылайша олар адамдардың аяушылығын тудырып, ақша алу мақсатында әрекет еткен. Полиция қыздармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан аумағында еңбек пен кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүргізу қажеттігін еске салды. Кәмелетке толмаған қызбен ата-анасының қатысуымен бөлек әңгімесі өткізілді.