Жаңбыр суы қоғамдық көлік қозғалысын да тежеп, автобустар кестеден кешігуде.
Қарағандыда соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше көше мен ауланы су басып қалды. Жүргізушілер жолдың кей бөліктерінен өту мүмкін еместігін айтып, әлеуметтік желіде видео таратып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық әкімдік су сору техникасын іске қосқанын хабарлағанмен, тұрғындар жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтады. Кейбір тұрғындар тіпті үйінің ауласына дейін су кіріп кеткенін жеткізді. Жаңбыр суы қоғамдық көлік қозғалысын да тежеп, автобустар кестеден кешігуде.
Мамандардың айтуынша, дренаж жүйесінің тозуы басты себептердің бірі. Әлеуметтік желілерде “Қарағанды — кішкентай Венеция” деген әзілі бар жазбалар көбейіп кетті. Қазір қалада төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар биліктен жыл сайын қайталанатын бұл мәселенің нақты шешімін талап етуде.